"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Есенгельды отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Сенім телефоны

87164378353

Мектеп директордың азаматтарды қабылдау кестесі

Сәрсенбі 15.00-18.00 дейін

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭКСПО-2017

05.09.2017

ЭКСПО –2017

 

       «ЭКСПО –2017» халықаралық көрмесіне апарамын деген уәдемді балаларым сабырсыздана күтумен болды.мои дети ждали с большим нетерпением. Әрине көрме басталмай тұрып, оның өткізілуі жайлы  көптеген ақпараттар

айтылып жатты. Міне, уақыты келіп, бізде «Астана ЭКСПО –2017» көрме комплексіне жақындап келеміз. Көрме өзінің ауқатты аумағымен көзге түсті. Бойымызды қуаныш сезімі кернеп, бір сиқырлы әлемге енгендейміз. Өз саяхатымызды «Болашақ қала» бойынша «Нұр- Әлем»Қазақстан павильонынан бастадық.    Көргенімізді бейнелеп айтуға сөзбен жеткізе алмайсын. Әр павильонда біз өзімізге  көптеген қызықты, тартымды жаңалықтарды

естіп, көріп отырдық. Космос қуатын әшкерелейтін жетінші қабат бізге үлкен әсер қалдырды.  Әсіресе планеталарды аралап, ай бойынша серуен жасаған қатты ұнады. Бірнеше сағат кезекте тұрсақта менің балаларыма  «Күн шуағына саяхат» ролигін көру үлкен әсер қалдырды.    Содан кейін біз басқа елдердің павильондарын аралап, олардың салт-дәстүрлерін өз көздерімен көріп қайтқымыз келді. Жапония  павильоныныда ұнады. Мұнда көзілдірік киіп, интербелсенді ойындарды ойнауға болатын. Ресей павильонында әсіресе қызығушылық танытқан орта тұсында айсберг макетін орналастырған жаңа заманға сай «Арктика энергия»  бассейні болатын. Сондай-ақ Африка және Үнді елдерінің павильондарыда  өз ерекшеліктерімен есте қалды. Көрме аумағында дем  алып отыратын, жатуға

болатын орындықтар жақсы қарастырылған. Бірақ біз демалып отыратын уақытымызды зая кетіргіміз келмеді, дегенмен айнала қызыққа толы еді! Көрмеде өткізген күніміз зымырап өте шықты. Біз қатты шаршасақта, күні бойы аралап жүріп көрген қызықтардың қызуы кете қоймаған еді!   Сонымен қатар волонтерлердің де жұмысын

айта кеткім келеді. Олар  келген қонақтарды күлімдеген жүздерімен қарсы алып, туындалған сұрақтарға байсалды

жауап беріп жұмыстарын атқарып жүрді.    Біз үйімізге көптеген суреттер мен видеолар, көрмедегі көрген қызықтарды есте аларлықтай естелік сыйлықтар әкелдік. Өзімнің туыстарым мен жолдастарыма көрмені өз көздерімен көріп қайтуға кеңес бердім, өйткені ондағы атмосфералық жағдайды сөзбен немесе суретпен жеткізу мүмкін емес еді.                                                

   Есенкелді орта мектебінің

  бастауыш сынып  мұғалімі С.Щербакова

                                                 

 

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Жалпы ақпарат

Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32

Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/ 

Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна

Текст