"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное Государственное Учреждение "Общеобразовательная школа села Есенгельды отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫ МЕН МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен (2024 жылғы 17 маусымдағы №5 хаттама) ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат, Астана қ. 2024 ж.– 32 бет.

2024-2025 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хат меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлері мен педагогтеріне және мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, мектепалды сынып педагогтеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды ерте дамыту институты, 2024 ж.

 

 

Құрметті әріптестер!

 

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары (бұдан әрі - МДҰ) мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат (бұдан әрі-Әдістемелік нұсқау хат) қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (бұдан әрі - Стандарт), Үлгілік оқу жоспарларын (бұдан әрі – Үлгілік жоспарлар), Үлгілік оқу бағдарламасын (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) іске асыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Әдістемелік нұсқау хатта:

- тәрбиелеу-білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды қолдану (сілтемелер);

- тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру;

  • балаларға қазақ тілін үйрету;
  • вариативтік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  •  экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
  • мерекелік шараларды ұйымдастыру;
  • мектепалды даярлықты ұйымдастыру;
  • «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру;
  • ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қамтылған.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әрбір балаға қолайлы, әрі қауіпсіз орта құру басты назарда болуы тиіс.

Құрметті педагогтер!

Бұл Әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсетеді.

 

 

1. 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      

Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне [1] (бұдан әрі – Тұжырымдама), білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде (бұдан әрі – МДТО) жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді:

üжаңартылған Қағидаларға[2] сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

üМДҰ мен жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда мектепалды сыныптарда балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;  [3]

üбалалармен, ата-аналармен және айналасындағылармен қарым-қатынас жасауда педагогикалық әдеп  нормаларын қатаң сақтау, зорлық-зомбылықтың, буллингтің және балалардың құқықтарын бұзудың кез келген түрін болдырмау;

üМектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңартылған қағидаларына3 сәйкес МДҰ-ға кезектілік пен жолдама беруді есепке алудың Бірыңғай базасы арқылы мемлекеттік қызметтерді іске асыру;

üотбасы мен тәрбиеленушілерді әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттердің қызметін кеңейту;

ü«Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру;

üбастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық бағдарламаларын меңгеру қорытындысы бойынша мектепалды жастағы баланың Жеке даму картасын қалыптастыру;

üөңірлік ерекшеліктер мен климаттық өзгерістерді ескере отырып, экологиялық білім беру сапасы мен тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін арттыру;

üұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, қазақ тілін меңгеруге ынталандыру;

üпедагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өткізу арқылы  мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасын іске асыру;

üМДҰ мен ата-аналар қауымдастығының ықпалдастығын  нығайту, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебі»  әлеуметтік институтын дамыту;

üМДҰ қызметінің басым бағытын айқындау, Даму бағдарламасын әзірлеу;

üМДҰ-ның сапаны бағалау өлшемшарттарына сәйкестігін

ü 50% – ға дейін ұлғайту (2023 ж. - 25%);

ü жаңа жүйе бойынша МДҰ педагогтерін аттестаттаудан өткізу;

üтәрбиеленушілердің білім алудағы жетістіктері негізінде педагогтің қызметін бағалау;

ü«Ұстаз Ұлттық платформасы» арқылы «Педагог бейіні» цифрлық модулінде кәсіби қызметтің нәтижелерін жинақтау;

ü«жоғары», «бірінші», «екінші» біліктілік санаты бар педагог 2024 жылдың соңына дейін жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан міндетті түрде  өтуі;   

üтәрбиелеу-білім беру процесіне енгізу үшін МДҰ педагогтерінің озық тәжірибесінің электрондық Банкін қалыптастыру;

üҚұзыреттілік орталықтарында үздік педагогикалық тәжірибе алмасу және тарату;

üҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі – Институт) сайтында[4] виртуалды әдістемелік кабинет арқылы педагогтер практикасын және ата-аналарды қолдау;

ü«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында МДҰ басшыларының республикалық кадрлық резервіне 50 үміткерді іріктеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕЙТІН

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

 

2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыруда келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы   

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z020000343 _

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249

Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010194

Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021832

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі      

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары    

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары    

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329

Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары   

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023469  

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары   

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033166

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары  

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883

Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі     

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020708

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері    

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020619        

Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі   

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар   

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239  

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары  

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026618

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026513

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары     

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017948  

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидалары  

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017766

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032368

«Үздік педагог» атағын беру қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020472

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008390

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317

Педагогтік қайта даярлау қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020147 

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары           

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020567

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары      

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031053   

Мемлекеттік ұйымдар Педагогтерінің жалақысын есептеу қағидалары   

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020622

Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі  

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022857  

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005229

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034309

«Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033147  

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029323   

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007363

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025128  

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары       

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016138 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016137

Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V070005090_

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026867   

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027414  

 

 

 

 

1.2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Үлгілік қағидаларға сәйкес МДҰ өз қызметін келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырады:

ü1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – оқу жылы (үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру мерзімі);

ü1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.

 

Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы орта құру

 МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін алдымен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы ортаның құрылуына ерекше назар аудару қажет.

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар)[5] сәйкес МДҰ-ның негізгі міндеттері:

         - мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

         - тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.

         «Білім туралы» ҚР Заңы шеңберінде МДҰ басшысы ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асырады, оқыту мен тәрбиелеудің, еңбек пен демалыстың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасауға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға және қызметкерлердің нормативтік құқықтық актілерге сәйкес лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауға жауапты болады[6] .

         Балалардың құқықтарын бұзу жағдайларының жиілеуіне байланысты балалардың күні бойы қауіпсіз болуының алдын алу және ескерту үшін тәрбие-білім беру үдерісіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, алдын алу іс-шараларын уақтылы жоспарлау және баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылады.

           Педагогтер балаларда барлық режимдік сәттерде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударуы керек.

 Бұл маңызды!

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар» [7]  тәрбиелеу-білім беру процесі, режимдік сәттер, аумақта болу және т. б. кезінде әзірленді.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруға сәйкес жаңа оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесіне енгізу үшін балалардың қауіпсіздігіне байланысты тақырыптар енгізіледі (4-қосымша).  

Маңызды сапалы өзара іс-қимыл – бұл педагогтің әр баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне және оның пікіріне шынайы қызығушылық, тыңдау, қолдау көрсету, жылы көзқарас таныту, топта/сыныпта эмоционалды жайлылық орнату, мүдделер мен қажеттіліктерді құрметтеу, жетістіктерге қуану, балалардың бастамаларын қолдау болып табылады.

Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.

Сонымен қатар, педагогтер тәрбиелеу-білім беру процесінде стандарттың талаптарын ескеруі, үлгілік жоспарының нормативтік оқу жүктемесін орындауы, үлгілік бағдарламаны іске асыруы, тәрбиеленушілердің жасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес нысандарын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдануы қажет.

Дамытушы орта құру

Тәрбиеленушілердің эмоционалдық және физикалық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың әрекет түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады.

Дамытушы ортаны құруға ұсынымдар:

- Үлгілік  бағдарламаны және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуі;

- балалардың жастарына сәйкес болуы;

- барлық топтық бөлменің үй-жайлары, кабинеттер, ойындар мен ойыншықтар, материалдар, құралдардың тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді болуы;

- балалардың демалуына немесе оңаша ойнауына, қолайлы эмоционалды жай-күйін дамытуға арналған орынды жабдықтау;

- ересек пен баланың бірге әрекет етуі үшін (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың балалардың жасына және Үлгілік бағдарламаның мазмұнына сәйкес болуы) қанық, мазмұнды болуы;

  • әртүрлілік (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытуға, қимылды ойындар мен жарыстар ұйымдастыруға, балаларға қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да болуы);

- балалар әрекеті түрлерініңвариативтілігі;

         - көпфункционалдылығы (балалар жиһаздары, жұмсақ модулдер, театрландырылған қойылымдарға арналған шымылдық, топта табиғи материалдардың болуы);

  • өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі) болуы.

Топтық бөлмелерде мынадай қызығушылықты орталықтарын құруға болады:

- ұлттық құндылықтар;

- сюжетті-рөлдік ойындар;

- театрландырылған ойындар;

- демалыс орны;

- кітап бұрышы;

- құрастыру және робототехника;

- табиғат және ғылым;

- шығармашылық;

- мамандықтар әлемі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін ұлттық құндылықтар кабинетін немесе орталығын ашу және:

- қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, музыкалық аспаптарымен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен және басқалармен жабдықтау;

- қазақ халқының ұлттық ойындарын («асық», «бес тас», «бестемше» және басқалар) ойнауға орындарды жабдықтау;

- кілем тоқитын, құмыра, ыдыс-аяқ жасайтын құралдармен жабдықтау;

- қыздардың шашын өретін, қамшы өретін бұрыштар жасау;

- балаларға арналған түрлі шараларды өткізу үшін құралдармен жабдықтау, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» «Жас аналар мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау ұсынылады.

Дамытушы ортаны жақсарту үшін Үлгілік бағдарламаның нұсқаулығын пайдалану ұсынылады[8].

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

  •  
  • сәйкес жүзеге асады.
  • бағдарламаның мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің Перспективалық жоспарын (бұдан әрі - Перспективалық жоспар) әзірлейді, апта сайын тәрбиелеу-білім беру процесінің Циклограммасын (бұдан әрі – Циклограмма) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі 1- қосымшаға[9]  сәйкес құрады.  

Перспективалық жоспарды Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен, тәрбиешілермен (қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп, жасайды. Перспективалық жоспарда оқу жылына арналған міндеттер бөлінеді, олар балалардың бағдарламаны игеруіне байланысты қайталануы, толықтырылуы, түзетілуі және өзгертілуі мүмкін.

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, балалардың үйге қайтуына дейін барлық режимдік сәттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Циклограмманың құрылымы МДҰ-ның күн тәртібіне сәйкес құрылады.

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

         - аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;

         - әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;

         - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

         - балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы заттық- кеңістіктік орта құру.

Ұйымдастырылған іс-әрекет – Үлгілік бағдарламаның мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын (4-қосымша) қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген әрекеті.

Циклограмманың «Ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда алдымен тақырыбы жазылады, егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде ойын немесе әрекет түрлері жазылады. Содан кейін Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді барлық топпен де, шағын топтармен де қызығушылық орталықтарында ұйымдастыруға болады.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әрекеттерге, ойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) мән беруі қажет.

Педагог әрекетінің алгоритмі:

  • балаларға айтып беру;
  • балаларға көрсету;
  • балалармен бірге орындау.

         Ұйымдастырылған іс-әрекет тек топ бөлмесінде ғана емес, сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттерде (бар болған жағдайда), дәліздерде, ойын алаңдарында және т.б. балаларға қауіпсіз, жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттердің, сондай-ақ режимдік сәттердің жүргізілуіне меңгеруші және әдіскер Әдістемелік нұсқау хаттың 1, 2, 3 қосымшасында берілген Бақылау парақтарына сәйкес бақылау жасайды.   

3-қосымшаның 16-бағанында педагогпен өткізілетін жұмыс түрін (жеке кеңес беру, ұсынымдар беру, тәжірибе алмасу және т.б.) көрсетуге болады. 17-бағанда педагогтермен  өткізілетін  жұмыс бөлімінде барлық топтарда өткізілген бақылау нәтижелеріне сүйене отырып, жалпы МДҰ бойынша ұйымдастырылатын жұмыс түрін (семинар, мастер-класстар, ашық есік күні және т.б. ) таңдап, алдағы уақытқа немесе келесі жылға  жоспарлау ұсынылады. Бұл әдістемелік қолдауды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Институттың сайтында Педагогтер үшін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, даму ортасын жарақтандыру, ұйымдастырылған іс-шараларды, режимдік сәттерді, бағыттар бойынша МДҰ жұмысын жүргізу, «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру бойынша негізгі құжаттар; іс-шаралар мен ертеңгіліктер орналастырылған, отбасындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналарға арналған логопедтердің, психологтардың және мамандардың кеңестері; ойындар, сондай-ақ мектепалды даярлық бойынша ұсынымтар орналастырылған «Виртуалды әдістемелік кабинет» ашылды.

Виртуалды әдістемелік кабинетке  сілтеме арқылы өтуге болады:

http://irrd.kz/page/read/Konsultacii.html

Балабақшалар жанында «Әжелер мектебін», «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастыру

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін отбасы мен МДҰ-ның тығыз ынтымақтастығы қажет.

Ата-аналарды педагогикалық процеске тарту үшін:

балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отбасының және МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру, әр тәрбиеленушінің отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;

ата-аналарды, тәрбиеленушілер мен педагогтерді өзара түсіністік, ортақ мүдделер, қарым-қатынасқа оң көңіл-күй және қайырымды өзара қолдау атмосферасын құру;

ата-аналармен және балалардың заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастық орнату үшін педагогтарды даярлау қажет.

Бұл бағыттарды іске асыруда балабақшалар жанында «Әжелер мектебін» «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл шағын қауымдастықтың міндеті - ата-аналар мен балалардың арасында қарым-қатынас мәдениетін дамыту, өзара түсіністік, екіжақты сыйластық, сыпайылық сақтау, мейірімділік таныту, үлгі болу (ата-аналар, педагогтер және басқалар үшін), ұрпақтар сабақтастығын тәрбие жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.

МДҰ және отбасы тандемінде ұрпақтар сабақтастығының икемді және қолайлы жағдайларын жасай отырып, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар көзі болып табылатын өмір бойы жалғасатын процесс ретінде тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру қажет. Қоғамда баланы тәрбиелеу және оның дамуы үнемі бірлескен әлеуметтік ортаға интеграцияланған. Бұл – ұлттық мәдени кодқа, іс-әрекеттің тәуелсіздігіне, Отан мен ана тіліне деген еркіндік пен мақтаныш сезіміне сүйене отырып, қазіргі заман жағдайында баланың бойында өмірлік дағдыларды қалыптастыру қағидатының негізі.

Бұл маңызды!

Педагогтерге көмек ретінде балабақшалар жанында «Әжелер мектебін», «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, аталған әдістемелік ұсынымдарды мына сілтеме арқылы алуға болады:

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/mrr_19.pdf

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу

Мониторинг түрлі жас топтарының Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге педагогтің қол жеткізу деңгейлерін және педагогтің баламен жеке жұмыс жүргізуде алдағы әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.

Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:

         - Стандарт талаптарын;

- Үлгілік бағдарламасының мазмұнын;

- Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін;

- мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін ескеру;

- мониторинг өткізу әдістерін (бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу);

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу әдістерін;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет.

Мониторингтің критерийлері балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларының қалыптасу деңгейін көрсетеді:

1)   дене шынықтыру (ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру);

2)   жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

3)   сөйлеуді дамыту;

4)   көркем әдебиет;

5)   сауат ашу негіздері;

6)   қазақ тілі;

7)   сенсорика;

8)   математика негіздері;

9)   құрастыру;

10) қоршаған ортамен таныстыру;

11) сурет салу;

12) мүсіндеу;

13) жапсыру;

14) музыка.

Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:

- балаларды ұйымдастырылған  іс-әрекеттер мен ойындар кезінде бақылау;

- әңгімелесу;

- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар арқылы.

Жетекші әдіс – бақылау, педагог баланың дамуын табиғи жағдайда, күнделікті өмірде қадағалайды.

Мониторинг жылына 3 рет:

-   бастапқы – қыркүйекте;

-   аралық – қаңтарда;

-   қорытынды – мамырда жүргізіледі.

Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық, ал қалған топтарда бастапқы бақылаудан басталады. Ерте жас тобы Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын алғаш рет игеріп отырғандықтан, оларда бастапқы бақылау жүргізілмейді.

Басқа топтар (сыныптар) үшін бастапқы бақылау алдыңғы жастың Бақылау парақтарымен жүргізіледі (мысалы, ересек топ үшін ортаңғы топтың бақылау парақтары қолданылады). Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол жасқа сәйкес бақылау парақтары қолданылады.

МДҰ өзінің вариативтік бағдарламасын іске асыру барысында таңдаған бағытқа сәйкес келетін мазмұн бойынша Үлгілік бағдарламаның мазмұны бойынша балалардың дағдыларының даму деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін мониторинг сияқты вариативтік бағдарламаның күтілетін нәтижелері бойынша мониторинг жүргізіледі.

Ол үшін мониторинг жүргізілетін күтілетін нәтижелерге сәйкес вариативтік мазмұнның жоғары, орташа, төмен деңгейлері бойынша критерийлері мен индикаторлары бар бақылау парағы әзірленеді.

Мониторинг нәтижелері бойынша топ тәрбиешісі, мектептің (лицей, гимназия) мектепалды сыныбының педагогі жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекші) бірлесіп, оқу жылына баланың Жеке даму картасын (бұдан әрі – Жеке карта) толтырады. Жеке картада дамыту және/немесе түзету шаралары жазылады. Түзету шаралары критерийлер бойынша орташа және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.

          Бастапқы мониторинг нәтижелері бойынша шаралар (дамытушы, түзету) қазан-желтоқсан, аралық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар ақпан-сәуір, қорытынды мониторинг нәтижелері бойынша шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.

Қорытындыға Үлгілік  бағдарламада белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі көрсетіледі.

2024-2025 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектепті  сабақтастыру мақсатында үлгілік бағдарламаны, топтар мен сыныптарды «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлау бағдарламасын игеру қорытындылары бойынша Баланың дамуының жеке картасы (бұдан әрі - ЖДК) әзірленіп, Ұлттық білім беру дерекқорында (бұдан әрі – ҰБДБ) іске асырылды. ЖДК мектеп алдындағы топтың тәрбиешісімен немесе жалпы білім беретін мектептің (лицейдің, гимназияның) мектепалды сыныбының педагогімен толтырылады және бала мектепке түскен кезде бірінші сынып мұғалімдері үшін мектеп жасына дейінгі баланың даму деңгейі туралы негізгі ақпарат көзі болып табылады.

          Бұл маңызды!

Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарының 10-тармағын («Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасын кейіннен мектепке бере отырып, ҰБДҚ базасында цифрлық форматқа ауыстыру») орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтары мен мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарының балаларына арналған «Контингент» бөлімінде толтыру үшін көрсеткіштер қосылды:

«Баланың дамуының жеке картасы»;

«Баланың Жеке даму картасын толтырған педагогтің ЖСН және аты-жөні»;

«Баланың Жеке даму картасын толтыру күні».

Осыған байланысты, ЖДК дұрыс толтырылуын бақылауды күшейту қажет.

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру

МДҰ-да атап өту үшін ұсынылатын мерекелер:

- Қазақстан халқы тілдері күні (5 қыркүйек);

- Республика күні (25 қазан);

- Жаңа жыл;

- Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);

- Наурыз мейрамы (21-23 наурыз);

- Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (1 мамыр);

- Отан қорғаушы күні (7 мамыр);

- Халықаралық балаларды қорғау күні (1маусым).

МДҰ-дағы мерекелер ата-аналар мен әкімшілік үшін «есеп беру шарасы» емес, бұл балаларға арналған мереке! Мерекені дұрыс жоспарлауға және өткізуге ерекше назар аудару керек, сонда ол әр баланың өміріндегі қызықты, есте қаларлық оқиғаға айналады, балаларға қуаныш сыйлайды.

Қазіргі уақытта толеранттылыққа, ұлттық әдет-ғұрыптарға, отбасылық дәстүрлерге, отбасы мүшелерін, еңбек адамдарын, Отан қорғаушыларды құрметтеуге және сыйлауға, ана тілін ілгерілетуге баса назар аудара отырып, мерекелерді өткізудің жаңа тұжырымдамасы белсенді іске асырылуда.

Балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыруда әртүрлі нысандарды қолдану ұсынылады:

- квест;

- жоба;

- байқау;

- қолөнер;

- жарыстар;

- көрме;

- сахналық қойылым;

- фестиваль;

- концерт;

- жәрмеңкелер және т.б.

Сонымен қатар, ата-аналарды іс-шараларға қатысуға тарту, сондай-ақ ата-аналарға өз идеяларын жүзеге асыруға немесе қалауы бойынша осы іс-шараларды өздері ұйымдастыруға мүмкіндік беру ұсынылады.

Репертуарды таңдағанда әр оқушының және жалпы топтың жасын ескеру қажет.

Мерекелердегі сахналық қойылымдар тәрбиеленушілердің  монологиялық және диалогтік сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем қиялын дамытуға ықпал етеді, мәдениетке баулиды. Сахналық қойылымдарға арналған материалды таңдағанда, балалардың жасына және жеке мүмкіндіктеріне назар аудару керек, сахналық қойылымдардың мазмұны қатыгездіксіз, дөрекіліксіз және зорлық-зомбылықсыз қызықты болуы керек.

          Бұл маңызды!

«Мектепке дейінгі ұйымдар жағдайында іс-шараларды (Ашық есік күні, мерекелер, ертеңгіліктер және т.б.) өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірленді. http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2023/06/01_30.pdf

 

Қазақ тілін үйрету

Бүгінгі өскелең ұрпақ – бұл біздің еліміздің болашағы. Сол себепті, өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке және азаматтық сезімдерге тәрбиелеу қажет.

Өз мемлекетінің тіліне деген құрмет балалық шақтан басталады.    

Мектепке дейінгі жаста мемлекеттік тілді ерте үйрену баланың жеке басының үйлесімді дамуына, халықтың дәстүрлерімен, салт-дәстүрлерімен, халық ауыз әдебиеті шығармашылығымен танысуға және қабылдауға ықпал етеді.

Балалар әлеуметтік коммуникацияның алғашқы дағдыларын құрдастарымен қарым-қатынас кезінде алады, олардың алғашқы тілдік дайындығында МДҰ үлкен рөл атқарады.

Қазіргі қоғамның, ата-аналардың сұраныстарына сәйкес оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда мектеп жасына дейінгі балаларды тілдік ортаға тереңірек ендіру үшін белгілі бір күндер белгілеу: қазақ тіліндегі барлық қатысушылардың тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, түрлі конкурстар, викториналар, режимдік сәттер (таңертеңгі жаттығулар, серуендеу, қатайту рәсімдері) өткізу, «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын ұйымдастыруды жолға қою ұсынылады.

Қазақ тілінде сөйлемейтін балаларды қазақ тілінде оқытатын топтарда қазақ тілін оқыту бойынша жұмысты күшейту ұсынылады.

Ол үшін педагогтер балалармен қарым-қатынасты негізінен қазақ тілінде ұйымдастырып, балалардың жасына сәйкес өлеңдер, әндер оқып, кітап оқуы қажет.

Орыс тілінде оқытатын топтардағы балалармен қазақ тілін оқыту бойынша МДҰ тәрбиешілері мен педагогтеріне арналған әдістемелік ұсынымдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/10/mr_ob_kaz_06.pdf

Бұл маңызды!

Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасы Астана қ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО-да 135 МДҰ-да басталды. 675 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

Экологиялық білім беру және экологиялық мәдениет

Барлық МДҰ-да экологиялық білім беруге,  адам – табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керектігі туралы қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру режимдік сәттерде:

- баламалы энергия көздерін, су ресурстарын үнемдеу және сақтау, оларды тиімді пайдалануға (су, ауа, күн энергиясы) баулу;

- сюжетті - рөлдік ойындарды ұйымдастыру;

- тірі және өлі табиғат объектілерін бақылауды күнделікті жүргізу;

- балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыру;

- балалар кітаптарын, иллюстрацияларды, бейнероликтерді, мультфильмдерді қарау;

- қарапайым эксперименттерді жасау;

- қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және қайта пайдалану;

- табиғат бұрышындағы құстар мен жануарларды  қоректендіру, балабақша ауласындағы, жылыжайдағы өсімдіктерді суару, баптау, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Балалар үшін экологиялық-ақпараттық шаралар, акциялар, көрмелер, байқаулар, экологиялық жобалар («Жасыл балабақша», «Метеостанция», «Құстар күні» және т.б.) қызықты болып табылады.

Балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша әдістемелік ұсынымдар педагогтерге мына сілтеме арқылы қолжетімді:

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2023/12/ecology_kz.pdf

Бұл маңызды!

Балаларды  табиғатқа жауапкершілікпен және қамқорлықпен қарауға баулу мақсатында Министрлік экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 213 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдері түбегейлі қайта қаралды.

 

Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Ата-аналар әр түрлі себептермен әрдайым мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын таңдай бермейді (баланың денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайлар, баланы отбасында тәрбиелеудің басымдығы және т.б.). Осыған байланысты, балаларды үйде сапалы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға (заңды өкілдерге) педагогикалық қолдауды күшейту қажеттілігі туындайды.

МДҰ кезінде Үлгілік қағидаларға сәйкес ата – аналардың (заңды өкілдердің) қажеттілігін ескере отырып, басшының бұйрығы негізінде ата-аналарға арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі-АКП) құрылады.

АКП Үлгілік бағдарламаны іске асырады, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналарға (заңды өкілдерге) тәрбиелеу, дамыту және күту, балаларды мектепте оқуға дайындау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.

АКП құру МДҰ қызметінің үлгілік ережелерімен реттеледі.

Консультациялық пунктті бөлек кабинетте ұйымдастыруға немесе ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған топтық және жеке консультациялар онлайн форматта өткізуге болады.

АКП жұмысының басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде  әлеуметтік желілер арқылы (Facebook, Instagram, Telegram), МДҰ сайты арқылы ата-аналарды (заңды өкілдерді) хабардар ету қажет.

Бұдан басқа, МДҰ сайттарында АКП қызметі туралы ақпараттық, түсіндірме материалдары бар «Консультациялық пункт» айдары жүргізіледі.

«Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірленді.

Ұсынымдарды келесі сілтеме арқылы алуға болады:

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/k+17.pdf

Виртуалды әдістемелік кабинетте «Ата-аналарға арналған» [10]  айдарында ата-аналарды педагогикалық сүйемелдеуге арналған материалдар орналастырылған: мектепалды даярлық бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері бойынша педагогтердің, психологтардың және белгілі бір саланың мамандарының кеңестері мен ұсынымдары орналастырылған.

«Ойындар»[11] бөлімінде баланы үйде тәрбиелеу және дамыту бойынша дамытушылық ойындары бар бейнероликтер ұсынылған. Барлық бөлімдер нақты уақыт режимінде әдістемелік және ойын материалдарымен толықтырылады.

Сондай-ақ, Институттың[12] youtube-арнасында барлық жастағы балаларға арналған ойын және дамытушылық іс-қимылдарды көрнекі түрде көрсететін 737-ден астам бейнероликтер кеңінен қол жетімді.

Бұл маңызды!

 «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша Жол карталарында түрлі нысандағы (балалар клубтары, академиялар, балаларды ойын арқылы қолдау және ерте әлеуметтендіру орталықтары) АКП қызметін кеңейту жөнінде шаралар қарастырылған.

АКП-мен балаларды қамту және оларды мектепте оқуға даярлау сапасын арттыру бойынша мониторинг жүргізу үшін келесі KPI анықталды:

- «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды консультациялық пункттермен қамту»;

- «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепалды жастағы

(5 жас) балаларды консультациялық пункттермен қамту».

 

Мектептердің мектепалды сыныптарында мектепалды даярлықты ұйымдастыру

Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап МДҰ-да, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында немесе отбасында жүзеге асырылады[13].

Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа (5-жастағы балалар) арналған Үлгілік жоспар[14] негізінде оқу жылына ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады, біліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін қадағалау үшін оқу жылына арналған Баланың жеке даму картасын әзірлейді.

Аптасына ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны - 20 сағатты, мектепалды жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған бір іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды.

Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.

Мектепалды сыныптың күн тәртібі:

- таңертеңгі қабылдау;

- таңертеңгі жаттығу;

- ұйымдастырылған іс-әрекет;

- балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперимент жасау, дербес және т. б.);

- серуен;

- жеке  жұмыс.

Балалардың дамуын баланың бастамашылығын, пікірі мен тілектерін ескере отырып, олар үшін қызықты ойын түрінде жүргізу, сондай-ақ барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен бірге шағын топтарда да ұйымдастырылған іс-шаралар өткізу ұсынылады. Балалар іс-әрекетінің бірнеше түрін бір мезгілде ұйымдастырған кезде балаларға аталған іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауысуға рұқсат етіледі, бұл ретте баланы басқа балалармен қызығушылық танытатын қызметтің бір түрінен келесі қызмет түріне ауыстыру ұсынылмайды.

Бала дамуының жеке картасы мектеп алдындағы сыныптағы барлық балалар үшін толтырылады. Түзету, дамыту іс-шаралары критерийлер бойынша орта және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.

Осы оқу жылынан бастап мектепке дейінгі топтар мен сыныптардың балаларын дамытудың жеке картасы ҰБДҚ-ға енгізілді. Жеке картаны толтырудың дұрыстығын бақылауды күшейту қажет, өйткені бала бірінші сыныпқа түскен кезде бастауыш сынып мұғалімі оның негізінде оның оқуының жеке траекториясын анықтайды.

 

 «Балақайлар мектебі» бағдарлаасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру

Жазғы кезеңде мектепалды даярлықпен қамтылмаған балалар үшін
білім беру ұйымдарының жанында ата - аналардың қажеттіліктері ескеріліп, «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлық (бұдан әрі-Бағдарлама) ұйымдастырылады.

Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды құрайды. Білім беру ұйымы ұйымдастырылған іс-әрекет/сабақ кестесінжәне графигін дербес бекітеді.

Топтағы/сыныптағы балалар саны - 25 адамнан артық болмауы тиіс.

        Апталық оқу жүктемесі-20 сағаттан аспауы тиіс.

Жұмыс тәртібі - аптасына бес күн 4-5 сабақ, ұзақтығы – 10 минуттық үзіліспен - 30 минутты құрайды. Үзіліс кезінде қимылды ойындарды ойнату ұсынылады.

Тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жайлы жағдайлар: талаптарға сәйкес жарақтандырылған жеке оқу кабинеті жасалуы қажет.

Бағдарлама Стандарт талаптарына сәйкес Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарлама негізінде әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты – балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау болып табылады.

Мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер көзделеді:

құзыреттіліктерді дамыту (физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру);

мектепте оқуға тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік-психологиялық дайындықты қалыптастыру;

баланың оқуға ынтасын қалыптастыру;

баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауын дамыту.

Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты көздейді, педагогтер мен ата-аналарға балаларды мектепте оқуға дайындауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық дайындығын ескере отырып, мектепте оқуға дайындықтың барлық аспектілерін қамтиды.

Баланы ата-аналар өздері тұратын мекен жайға жақын жердегі немесе 1 сыныпқа апаруды жоспарлап отырған  орта білім беру ұйымдарындағы «Балақайлар мектебіне» беруіне болады.

Бұл маңызды!

Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың бағдарламасы сілтеме бойынша қолжетімді

https://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/dr13.pdf

 

Түрлі жас топтарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жас ерекшелігі әртүрлі жас топтарының толықтырылуы:

1) топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) балалар болған жағдайда бала саны -15 баладан артық емес;

2) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) балалар болған жағдайда бала саны - 20 баладан артық емес.

Топта жас ерекшелігі екі және үш түрлі балалар болған жағдайда Перспективалық жоспарда Үлгілік бағдарламасы міндеттері балалардың жасына сәйкес жеке көрсетіліп (мысалы 1 және 2 жастағы балалар үшін) ортақ бір перспективалық жоспар жасалады. Циклограмма жасау кезінде Перспективалық жоспарда ұсынылған міндеттерді іске асыру үшін балалардың түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес  беріледі.

 

Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жүргізілетін жұмыс нысандары

Балаларға сапалы білім беру ата-аналардың білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейіне және ата-аналардың педагогикалық процеске тартылуына байланысты.

Осыған байланысты, ата аналармен және ата аналар қауымдастығымен жұмыс Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде қарастырылған[15].

Ата-аналармен жұмыста баланың әлеуметтік жағдайын, отбасы тарихын, мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлерін, мінезі мен ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ата-аналарды тәрбиелеу - білім беру процесіне тартудың мақсаты-балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету арқылы оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту.

Міндеттері:

ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;

балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру;

ата-аналардың, МДҰ тәрбиеленушілері мен педагогтерінің қарым-қатынасына оң көзқарас, ортақ мүдделер, өзара түсіністік атмосферасын құру.

Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, МДҰ қызметіне тарту, ата-аналармен жұмыс жасауда отбасылық дәстүрлердің тәжірибесін тарату үшін жұмыстың интерактивті форматын:

- тренингтер, семинарлар, «игі істер күндері» түрінде ата-аналар жиналыстарын өткізу;

- ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес;

- ата-аналар дәрістері, конференциялары;

- ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары –сауалнама, тесттер, анкета жүргізу, «сенім телефоны»;

- жеке және топтық консультациялар;

- проблема бойынша пікірталастар;

- «ауызша журналдар»;

- ата-аналарға арналған қонақ бөлмелері;

- сұрақ-жауап күндері, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы;

- балалар әрекеттерінің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен кездесу;

- «Ашық есік күндері»;

- тренингтер;

- дөңгелек үстелдер.

- біріккен ойын-сауық шаралары: ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауықтар;

- балалар мен ересектер шығармашылығының,  ойынға арналған ойыншықтар жасаудың,  көркем әдебиет шығармаларын отбасылық оқу көрмелері;

- «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі»;

- көрнекілік арқылы ақпараттық жұмыстары, газеттер шығару және басқаларын қолдану ұсынылады.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ата-аналары үшін белсенді етудің интерактивті әдістерін қолдану, сұхбаттасу, талқыланатын проблеманы рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты талқылау ұсынылады.

 

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің  мектепалды сыныптарында тәрбие жұмысы

МДҰ мен мектептердің мектепалды сыныптарында Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылады[16].

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу күні бойы – режимдік сәттерде, ұйымдастырылған іс-әрекетте және балалар әрекетінің басқа да түрлерінде жүзеге асырылады.

Стандарт[17] талаптарында әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу, ұлттық бірегейліктің, азаматтық пен патриотизмнің негіздерін қалыптастыру міндеті көзделген.

Тәрбиенің мақсаты жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Тәрбиенің міндеттері:

  • ата-аналарды, ересектерді құрметтеу дағдыларын қалыптастыру және тәрбиелеу, олардың тәрбиесін тыңдау;

-мейірімділік, адалдық,жауапкершілік, қамқорлық пен әділдік қасиеттеріне баулу;

- еңбекқорлыққа баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

  • ұлттық мұраны қастерлеу, қазақ тілін құрметтеу дағдыларын енгізу;  

- патриотизм сезімін қалыптастыру;

  • денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету;
  • табиғатқа, ұлттық және табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға, табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу.

Мақсат пен міндеттерді тиімді іске асыру үшін:

- бесік-жырлары, балаларға арналған әндер, тақпақтар, жұмбақтар және мақал-мәтелдер, балалардың айтуына жеңіл жаңылтпаштар қолдану;

- күндізгі ұйқы алдында балаларға ертегі оқып беру;

- балалармен ертегі сағаттарын, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» іс-шараларын өткізу;

- ұлттық,  спорттық, қимылды ойындарды, мамандықтар бойынша сюжетті-рөлдік ойындарды, «Отбасы» және басқа ойындарды өткізу;

- экскурсиялар ұйымдастыру (мұражайлар, театрлар, өлкетану экскурсиялары, кәсіпорындарға бару);

- отбасымен ынтымақтастық - МДҰ әлеуметтік желілерінің парақшалары (Instagram, Facebook, Telegram) арқылы ақпарат алушы ретінде ата-аналармен байланыс орнату, балаларды тәрбиелеуге қатысты мәселелер бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі-Институт)  порталы www.irrd.kz. қамтамасыз етеді.

Сайтта:

- мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер (НҚА айдары);

- әдістемелік ұсынымдар, құралдар және басқалар (әдістемелік әзірлемелер айдары);

- Институттың жылдық жұмыс жоспары;

- Республикалық байқауларды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың қорытынды ақпараттары және басқалар орналастырылған.

 «Виртуалды әдістемелік кабинет»  педагогтер мен ата-аналарға кең қолжетімділікпен әдістемелік көмек көрсетеді.  

Сайтта «Дана бала» Республикалық ғылыми-ақпараттық журналы («Әдістемелік материалдар» айдары) ұсынылған, онда педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мақалаларын жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар мен ережелермен танысуға болады.

Педагогтер үшін өткізілген вебинарлардың, практикалық семинарлардың материалдары, бейнежазбалары сайттың «Жаңалықтар» айдарында орналастырылған.   

Сондай-ақ, Jivosait айдарында Институт мамандары ерте даму, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша педагогикалық және ата-аналар жұртшылығына жауаптар ұсынады. Бұл портал еркін қолжетімді.

Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар алмасу үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp) білім басқармалары мамандарының, МДҰ-дың әдіскерлері мен педагогтерінің чаты құрылған.

Осылайша, Нұсқаулық-әдістемелік хаттың ұсынымдары басшыларға, әдіскерлер мен педагогтерге қауіпсіз, нәтижелі қызметті ұйымдастыру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру үшін көмек көрсетуге бағытталған.

Оқу жылы сәтті өтсін!

 

 

[1] https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249

[2] https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010194

[4] https://irrd.kz/page/read/Konsultacii.html

[6] https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750_

[15] 2021 ж.15 наурыздағы ҚР Үкіметінің № 137 қаулысы

[16] ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығы  

[17] ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы  

Жаңартылған күні: 04.07.2024 12:55
Құрылған күні: 04.07.2024 12:59

Жалпы ақпарат

Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32

Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/ 

Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна

Текст