"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное Государственное Учреждение "Общеобразовательная школа села Есенгельды отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар – білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету. 33 шеңберіндегі қазақстандық және/немесе тәрбиелік компоненттерді ескеруі маңызды. 2. Сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде: − әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарытуға ықпал ететін дөңгелек үстелдер, пікірталастас, талқылау, рөлдік ойындар, кейстерді шешу және т.б. формада өткізу ұсынылады; − құндылықтар тәрбие жұмысының нәтижесі ретінде білім алушылардың мінез-құлқы мен тұлғалық қасиеттері арқылы көрініс табуы үшін сынып сағаттарын сындарлы тәсілдеме негізінде ұйымдастырып, интербелсенді формада өткізу ұсынылады; − сынып сағаттарын мектептің педагог-психологімен бірлесіп өткізу ұсынылады (педагог-психологпен бірлескен сынып сағатының санын, өткізу жиілігін білім беру ұйымдары дербес анықтайды). Білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда келесі тақырыптар бойынша сынып сағаттарын өткізу ұсынылады: «Ар-ұят және жауапкершілік» «Біздің қоғамдағы әділеттілік» «Іс-әрекеттегі мейірімділік» «Мейірімділік құндылығы» «Күнделікті өмірдегі адалдық» «Этикалық құндылықтарды дамыту» «Отаншылдық және оның мәні» «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік» «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» «Қоғам игілігіне қызмет ету» «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті» «Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігінің рөлі» «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері» «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» «Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық» және басқалар.

2023-2024 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Төле бидің 360 жылдық, Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық, Музафар Әлімбаевтың 100 жылдық, Халел Досмухамедовтың 140 жылдық, Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық, Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық, Шәкен Аймановтың 110 жылдық, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерей тойларына назар аудару қажет.

Сынып жетекшілері ұсынылған сынып сағаттарының тақырыбын таңдауда және сынып сағаттарының мазмұнын әзірлеуде білім алушылардың жас ерекшелігін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін және өңірдің сұранысын ескеруі қажет. 3. Сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде: − бірлескен жобаларды немесе әлеуметтік тәжірибелерді («Қайырымдылық», «Қарияға қол ұшын соз» және т.б. акциялар) іске асыру; − қосымша білім алуға жағдай жасау; − тәрбие жұмысын күшейтуге мүдделі мемлекеттік органдарды тарту (кездесулер, бірлескен іс-шаралар, акциялар, жарыстар, жобалар конкурстары, кәсіптік бағдарлау кездесулері, профилактикалық әңгімелер және т. б.) − танымал, атақты тұлғаларға, оның ішінде мектепке аты берілген тұлғалар туралы тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды өткізу; − білім беру ұйымы орналасқан өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек ардагерлерімен және мектепті бітіріп, табысты еңбек етіп жүрген түлектермен кездесу ұйымдастыру ұсынылады. Білім беру ұйымдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен ісшараларын ұйымдастыруда білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және олардың жас, жеке, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып іс-шаралардың мазмұнын білім беру ұймының басшыларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психолог мамандармен алдын ала келісу ұсынылады. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін сыныптан тыс жұмыстар аясында бірлескен жобаларды ұйымдастыра алады. Жобалар ғылыми зерттеулерді, мәдени және тарихи ескерткіштерді зерделеуді көздеуі мүмкін немесе әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталуы мүмкін. Мұндай жобалардың мақсаты – білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бірлескен жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалардың көптеген түрлері бар. Мысалы, «Таза аула», «Жасыл мектеп», «Эковолонтерлер», «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық туризм», «Үнемді тұтыну», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Мектептегі энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», т.б. Білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар практикалық жұмыстардан бастап ғылыми-зерттеу жобаларына дейінгі ісшаралардың кең ауқымын қамтуы мүмкін. Олар: «Менің елім және менің құқығым», «Құқық-квест», «Заңға қосқан үлесім», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Заң мамандықтары». Бұл жобалардың барлығы білім алушыларға өздерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесінің жұмысын түсінуге ықпал етеді. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін келесі жобалар ұсынылады: «Қолөнер шеберханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Өзің жасап көр», «Аспаздық жоба» және т.б. Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру үшін мынадай тақырыптағы жобалар ұсынылады: «Бейбіт күннің каһармандары», «Өнер мен құндылықтар», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы», «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» және т.б. Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуі және денсаулықты нығайтатын әдеттерге дағдылануы үшін келесі жобалар тақырыптары ұсынылады: «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттен аулақ бол», «Спорт және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық әл-ауқат және күйзеліске төзімділік», «Ұйқы және оның денсаулыққа әсері», «Экранға тәуелділік: жаман әдет», «Цифрлық гигиена» және т.б. Білім күнін өткізу 1 қыркүйекте «Білім күнін» өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды және мектептің барлық қауымдастығының қатысуын қамтамасыз етеді. Білім күніне арналған сынып сағатының ұсынылып отырған тақырыбы: «Мектебім – мейірім мекені!». Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі. Педагогтер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық пен жауапкершілік, бір-біріне сыйластық құндылықтарын дарытуға мән беруі қажет. Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңызды екендігіне назар аудару қажет. Мыналар: – балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндерін талқылау; – «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында оқылған кітаптарды талдау, бала үшін қызықты және маңызды оқиғаларды талқылау; – заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану ұсынылады. Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп – мейірбандық мекені» республикалық челленджін өткізу ұсынылады. Бейнероликті орналастыру күні: 2023 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00. Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар: - барлығы үшін: «Мектебім, менің мектебім!», «Мектебім – мейірбандық мекені», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»; - бірінші сынып білім алушыларына: «Мектепке алғашқы қадам»; - 2-4-сынып білім алушыларына: «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім; - 5-8-сынып білім алушылары үшін – «Менің саяхатым», «Менің туған өлкем», «Жазғы демалыста мен жасаған игі іс»; - 9-11-сынып білім алушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»; - 1-сынып білім алушыларының ата-аналары үшін – «Мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»; - сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!». Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдамалармен https://uba.edu.kz/qaz/metodology/ сайтынан толығырақ танысуға болады.

Жаңартылған күні: 23.09.2023 21:37
Құрылған күні: 23.09.2023 21:42

Жалпы ақпарат

Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32

Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/ 

Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна

Текст