"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное Государственное Учреждение "Общеобразовательная школа села Есенгельды отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

22.11.2017

    Хаттама  № 2

Есенкелді орта

мектебі бойынша

жалпымектептік

ата-аналар жиналысы

                        2017 жылдың10.11.

Қатысқандары -53 ата-ана

Күн тәртібі:

1.     2017-2018 оқу жылының 1 тоқсан қорытындысы.

2.    Ерте жастағыжүктіліктің алдын-алу.

3.    Суицидтің алдын-алу.

4.    Мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау туралы.

5.    Кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында келеңсіз жағдайларды ескерту туралы.

6.    Ата-аналар мен балалардан ақша жинау туралы.

 

Бірінші сұрақ бойынша оқу бөлімі бойынша  оқу ісі меңгерушісі Усенова Лаура Болатқызы тыңдалды. Тоқсан басында 123 оқушы, тоқсан соңында 125 оқушы. Келген оқушылар екеу. Үздік оқитын оқушылар саны 10, жақсы оқитындар 42. Білім сапасы  -52%, үлгерімдері 100%,үлгермеушілер жоқ..

  Екінші сұрақ бойынша ауыл фельдшері Абраева Жұпар Шаймұратқызы сөз алды. Ол ерет жастағы жүктіліктің әйел ағзасына қандай әсерін тигізетінін, оның қандай қаупі бар екенін және ондай жағдайды болдырмаудың жолдарын айтып берді.

  Үшінші сұрақ бойынша мектептің психологы Комбатурова Нұргүл Нұрғалиқызы тыңдалды. Суицидтің алдын-алу жолдарымен  таныстырып, егерде  жасөспірімнің бойынан бір белгіні байқаған жағдайда дабыл қағу керек екендігін ескертті.

Төртінші  сұрақ бойынша оқу бөлімі бойынша  оқу ісі меңгерушісі Усенова Лаура Болатқызы тыңдалды. Ол мектептің ішкі тәртіп ережесімен ата-аналарды таныстырды.

  Бесінші сұрақ бойынша тәрбие жұмысы бойынша меңгеруші Адилханова Марал Амамбайқызы сөз алды. Еліміздегі балалардың өліміне қатысты бірнеше себептерін атап айтты. Ең көп таралған  келеңсіз жағдайдың түрлерін қарастырды. Мұндай жағдайда қандай жағдайлар жасау керек екендігін әңгімеледі.

Алтыншы  сұрақ бойынша оқу бөлімі бойынша  оқу ісі меңгерушісі Усенова Лаура Болатқызы тыңдалды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ата-аналар мен балалардан ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрығын оқып, таныстырды.

ШЕШІМ:

1.1 тоқсан қорытындысы бойынша ақпаратты қабылдау.

2.Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу туралы ақпаратын

қабылдау.

3. Суицидтің алдын-алу туралы ақпаратын қабылдау.

4.Ішкі тәртіп ережесін сақтау туралы ақпаратын қабылдау.

5. Кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында келеңсіз

жағдайларды ескерту туралы ақпаратты қабылдау.

6.Ата-аналар мен балалардан ақша жинау туралы ақпаратты

қабылдау.

   

      Төрайымы:___________ К. Смағұлова

            Хатшы :___________ Хрусталева Е.А.

 

 

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Жалпы ақпарат

Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32

Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/ 

Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна

Текст