КГУ "Основная средняя школа села Есенгельды отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының негізгі орта мектебі" КММ

Біз әлеуметтік желілерде

 

Сенім телефоны

87164378353

Мектеп директордың азаматтарды қабылдау кестесі

Сәрсенбі 15.00-18.00 дейін

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

23.09.2025

 2-тарау. Экстернат нысанында оқыту тәртібі

       3. Білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын өзі дербес меңгеруін немесе қашықтан оқыту арқылы меңгеруін қарастырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Экстернат нысанында оқу:

      негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:

      1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;

      2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;

      3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;

       мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):

       Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18896 болып тіркелген) бекітілген жеңімпаздарының мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуына рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесіне сәйкес халықаралық, республикалық конкурстардың және фестивальдардың жеңімпаздарына.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір сыныптың;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір немесе екі сыныптың негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге рұқсат етіледі.

      6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедектігі бар білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын білім алушыларына бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

       8. Экстернат нысанында білім алу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген)сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар денсаулығы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім алушылар олардың кету күні жеткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей береді.

      9-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 9-1-тармақмен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       10. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес ресімделеді.

       Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       12. Экстернат нысанында оқыту үшін негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім алушының денсаулығын және аралық, қорытынды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып, ағымдағы оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасын және консультация беру кестесін құрады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Экстерндерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Шетелде тұратын білім алушы экстернат нысанында білім алған кезде тиісті білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларын дербес меңгереді, үлгерімді ағымдағы бақылаудан (бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау) өзі бекітілген орта білім беру ұйымында қашықтықтан өтеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.04.2025 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының экстерндерін аралық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды. Экстерндерді аралық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы ағымдағы оқу жылының 10 мамырынан кешіктірмей шығарады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Консультациялар мен аралық аттестаттаулар ағымдағы оқу жылының қаңтар-сәуір айлары аралығында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ағымдық, қорытынды аттестаттау нысаны мен мерзімдерін білім беру ұйымының басшысы белгілейді.

       17. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының аралық және (немесе) қорытынды аттестаттаудан өтпеген экстерндері экстернат нысанынан басқа нысанда жүзеге асырылатын қайта оқу жылына қалдырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Экстерндерді аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері "Экстернат" белгісі бар хаттамамен ресімделеді және оған емтихан комиссиясының мүшелері қол қойып, орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

       Хаттамаға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.

      19. Аралық аттестаттаудан өткен экстерндерге тиісті оқу бағдарламалары бойынша оқуды экстернат нысанында аяқтағаны туралы белгісі бар қорытынды бағаларымен белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

       20. Қорытынды аттестаттаудан өткен экстерндерге "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.04.2025 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 3-тарау. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

       Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

       Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      Ескерту. 20-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбеге сәйкес құжаттардың толық ұсынылғанын және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзіміне сәйкестігін тексереді.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаса және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынса көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші 6 (алты) жұмыс күні ішінде тиісті білім беру ұйымына сұрау жібереді және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтерді алады.

      Тиісті білім беру ұйымынан мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды. Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарылады.

       Осы Қағидалардағы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

       Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-тің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге оң нәтиже немесе дәлелді бас тарту жауабы құрылады.

Просмотров: 1152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Жалпы ақпарат

Білім беру ұйымының атауы: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

Орналасқан жері: Есенгелді ауылы, Тын к-сі, 32

Заңды тұлғаның байланыс деректері +7716 43 78353, +7 771 374 71 87, Ladyz14@mail.ru, http://sc0013-atbasar.edu.kz/ 

Мектеп директоры: Джусупова Гульжихан Бакировна

Текст